Текст
Майшұқыр негізгі мектебінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп!» атты он күндік өз жұмысын бастады. Он күндіктің ашылуы «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» деген тақырыпта болды. Оқушыларға жоспар берілді, жоспар бойынша Абай өлеңдерін оқу челленджі, суреттер салу, Абай өлеңдерін, қара сөздерін жаттау, оныің шығармаларына эссе жазу,әндерін айту, сол заманғы бұйымдарын бейнелейтін көрмелер ұйымдастыру. Барлық мұғалімдер мен оқушылар жақсы қатысуда, жоспар бойынша алғашқы іс-шаралар басталып кетті.