Қорғалжын аудан әкімінің орынбасарының 2022 жылдың 22 сәуірдегі № 03-02/518 нұсқауына сәйкес Қорғалжын аудындық білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өзін-өзіне қол жұмсаудын алдын алу іс-шаралары, хиджап кию мәселелері, жол жүру ережелері бойынша Қорғалжын аудандық ПБ-нің ЖПҚБ КТІЖ аға инспекторы полиция капитаны Сайлау Ә.А., Қорғалжын аудандық білім бөлімінің бас маманы Ашимова А.Т., Майшұқыр негізгі орта мектебінің медбикесі Мухитова Г. А.., және мектеп психологы Махметова Ж.К. «Майшұқыр ауылының негізгі орта білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жоғарыдағы тақырыптар бойынша баяндамалар оқылып және жасөспірімдер арасында әңгіме өткізілді.
Сонымен қатар оқушыларға құқық бұзушылық неден басталатындығы жайлы айтыла отырып, одан сақтанудың жолдары туралы да ой тасталды. Оқушылар кездесу барысында көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдардың көбі ішкі тәртіп, жүргізушілік жайлы болды. Кездесуге қатысқан оқушылар тарапынан ұйымдастырушыларға көп алғыс айтыла отырып, өте керемет, мазмұнды кеш болғандығы айтылды.
Мектеп директоры: Ж. Б. Махметов
орын: Ж. Махметова