Текст
2019 жылдың 26 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесіне арнап іс-шаралар ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптар арасында "Қош келдің, Жаңа жыл!" мерекелік бағдарламасы, орта буын арасында "Жап-жаңа жыл" көңілді-тапқырлар алаңындағы ойын, "Әсем" шағын орталығында ертегілік өткізілді. Балалар мерекелік костюмдер киіп, ән айтты, би биледі. көріністер, ертегілер қойды, әзілдермен жарысты. Аяз ата мен Ақшақардың тәттілеріне ие болды. Бұл күн балалардың есінде мәңгі қалатыны сөзсіз-олар демеушілердің үлкен жақсы сыйлықтарын алды. Демеушілер Қапанов Амангелді мен Мукушев Нұрлан осы ауылдың тумалары. Бәрі көңілді, мәз-мейрам болды. Ата-аналар да, мұғалімдер де дән риза.