Текст
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мектебімізде мерекелік кеш өтті. Оқушылардың өнерін тамашалауға ұстаздар, ауыл ақсақалдары, ата-аналар сонымен қатар ауыл әкімі М.М.Самуратов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.А.Шалгынбаев және мектеп басшысы, аудандық маслихат депутаты Р.К.Смагулова қатысты. Тәуелсіздік мерекесінде мектебіміздің ардагер ұстазы Жұмажан Төлеуұлы "Қорғалжын ауданының құрметті азаматы" атағына ие болды.